21.07.2014, 20:30 3192

Жыл соңында Рудный қаласында 500 мың тонналық цемент зауыты іске қосылады

Биылғы жылдың желтоқсан айында Рудный қаласында жылына 500 мың тонна өнім беретін жаңа цемент зауытын іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігі.

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. Биылғы жылдың желтоқсан айында Рудный қаласында жылына 500 мың тонна өнім беретін жаңа цемент зауытын іске қосу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Қостанай облысы әкімдігі.

Ірі зауыттың іске қосылуы Қостанай облысындағы цемент қажеттілігін қанағаттандырып, сонымен қатар оны барша Қазақстан өңірлеріне сатуға да мүмкіндік береді. Темір жол тораптарының салынуымен өнімді тарату оңайға түспек.

Қазіргі таңда цемент зауыты аумағында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

ҚХР-дан келген шеф-монтаж инженерлерімен бірлесіп клинкер өндірісі жолының технологиялық құрылғысын монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 13 млрд теңге. Соның ішінде өзіндік қаражат пен қарыз ақша да бар.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан қаржылық қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда 6,7 млрд теңге игерілді.

"Қазіргі таңда банктермен несие мәселесі қарастырылуда. Олар келесі аптада несиелік комитетке шығып, бізге несие жолын ашуы тиіс. Сол кезде біз үлгеретін боламыз. Кестеге сай, бір айда біз 460-670 млн теңге игруіміз тиіс. Несие бойынша, әрине, қиындықтар бар", - дейді ЖШС директоры Николай Ведерников.

Облыс әкімі Н.Садуақасов кәсіпкерлікті аралау барысында өндіріс 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашатынын айтты. "Қазіргі кезде тиісті мамандар алынып, оларды оқыту жұмыстары жүргізілуде", - дейді облыс әкімі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны