17.06.2021, 22:20 55368

Жыл басынан бері 725 мыңға жуық адам МӘСҚ-тан төлем алды

НҰР-СҰЛТАН. 17 МАУСЫМ - Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 5,7 млн адамды құрады, түскен әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомасы 126,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі нақтылағандай, осы кезеңде шамамен 725 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жалпы сомасы 131,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлемдер алған.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген кезеңде МӘСҚ-тан мынадай төлемдер жүзеге асырылды:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 60,7 млрд теңге сомасына 430 862 адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға артық;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 45,1 млрд теңге сомасына 92 739 адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36%-ға артық;

- 64 440 адам 7,8 млрд теңге сомасына жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық;

- асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді 51 749 адам 7,2 млрд теңге сомасына алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық;

- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда 85 343 адам 11,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны