26.05.2026, 11:20 301

Қазақстан таулары биіктен: алматылық фотограф әуеден түсіру тәжірибесімен бөлісті

Алматылық фотограф Дмитрий Доценко ел ішінде жиі ұшатындықтан, әуе сапарларын таулар мен табиғи ландшафтарды әуеден түсіруге пайдалануға тырысатынын айтты.

Фотограф мамандығым үнемі ел ішінде жүруді талап етеді, сондықтан ұшақпен жиі ұшуға тура келеді. Уақытты бос өткізбей, ұшу кезінде де суретке түсіруге тырысамын", - деді ол.


Доценконың айтуынша, сәтті кадр алу үшін алдын ала терезе жанындағы орынды және ұшақтың дұрыс жағын таңдау маңызды. "Егер ұшақ Алматыдан шығысқа қарай ұшса - оң жаққа, батысқа қарай ұшса - сол жаққа отырған дұрыс. Сонда кадрға таулар түседі", - деп түсіндірді фотограф.

Ол сондай-ақ салонның алдыңғы бөлігіндегі немесе құйрық жақтағы орындарды таңдауға кеңес береді. Себебі бұл жерлерде турбуленттіліктің әсері аз болып, қанат көріністі жаппайды. Ұшу алдында фотограф иллюминаторды міндетті түрде оптикаға арналған майлықтармен сүртеді.

Түсірілім үшін Доценко зум-объективтері бар камераны және әйнектегі шағылысты азайтатын резеңке бленданы пайдаланады. "Иллюминатор сурет сапасын бәрібір төмендетеді, сондықтан камераны әйнекке 90 градус бұрышпен бағыттап түсіру маңызды", - деді ол.

Фотографтың айтуынша, дәл әуеден түсіру Хан-Тәңірі шыңы, Жеңіс шыңы және Сомони шыңы секілді ерекше көріністерді кадрға түсіруге мүмкіндік береді.

Кейде бұл көріністерден тынысың тарылып кетеді", - деп түйіндеді Доценко.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны