20.04.2019, 22:40 158908

Жамбыл облысының Қордай ауданында жолда болған апаттан 11 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 11 адамның ішінде 7 - Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының Қордай ауданында жолда болған апаттан 11 адам қаза тауып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, 20 сәуірде таңғы сағат 5-те Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы-Ташкент автожолының 181-ші шақырымында "Тойота камри" маркалы машина жол бойында тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған.

Тас жол бойында артынан келе жатқан автобус осы автокөліктерге соғылмайын деп әрекеттенгенде, жолдан шығып құлап кеткен.

Соның салдарынан оқиға орнында 8 адам бірден мерт болып, 32 адам медициналық мекемелерге жеткізілді, алған жарақаттардан тағы да 3 адам ауруханада қайтыс болды.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбеков, облыс прокуроры Ж.Құсайынов, облыстық полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің, және қорғаныс істері басқармасының басшылары барды.

Апаттан құтқару жұмыстарына 50 адам және жедел-құтқару, апатты медицина қызметінің және облыстық полиция департаментінің 15 техникасы, сондай-ақ ІІМ ТЖК "Қазәуеқұтқару" қызметінің тікұшағы қатысты.

Жолдағы апаттан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы М.Жаманқұлов тәжірибелі үш хирургті алып оқиға орнына келді.

Облыс әкімдігі Жедел штаб жұмысын ұйымдастырды, облыстың төтенше жағдайлар департаментінде психологтардың кезекшілігі қосылған "қауырт желі" +7(7262) 513575 и +7(7262)514167 құрылды.

Жол апаты дерегі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІМ мен облыстың полиция департаменті қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Автокөліктер жүргізушілерінің кінәсі тергеу барысында сот-сараптамасының қорытындысы ескеріле отырып, анықталатын болады.

Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқан 11 адамның ішінде 7 - Қазақстан азаматы, 3 - Өзбекстан азаматы болғаны анықталды, бір адамның қай елдің азаматы екендігі әзірге анықталуда. Ауруханаға жеткізілген жарақаттанғандар арасында қазақстандықтар, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны