16.02.2021, 16:12 8583

ЖШС басшысы тағылымдамаға бөлінген 22 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін сотталды

Бұл қаражат еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға арналған еді.
Нұр-Сұлтан. 16 ақпан. Kazakhstan Today - "Maxvidl" ЖШС басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша қылмыстық іс аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Рахимов А.М. "Қазақстандық индустриялық даму институты" АҚ-на 2016 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта Пермьде (РФ) "Поток-М" ЖШҚ-ның өндірістік цехтарында өз қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу бойынша қызметтерін алғанын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 22 миллион теңгеден астам сомадағы қаражатты жымқырған. Бұл қаражат еңбек өнімділігін арттыруға және аймақтық кластерлерді дамытуға арналған еді", - деп хабарлады ҚР Қаржы мониторингі агенттігінде.

 
Нұр-Сұлтан қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен Рахимов А.М. ҚР ҚК-нің 190 б. 4-б. 2)-т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 4 жыл мерзімге индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айырумен шартты түрде 3 жыл 9 ай тағайындалды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны