23.06.2020, 18:46 44146

Жамбыл облысында қураған шөп жану оқиғалары көбейді

11 сағат 17 минутта Тараз қаласы "Астана" шағын ауданы (13) аумағында қураған шөптің жанғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Тараз қаласы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген өрт сөндірушілер 12 сағат 45 минутта жануды жойды. Жалпы көлемі жану 100 ш.м.құрады

Алматы. 23 маусым. Kazakhstan Today - Күн ыси бастағалы Жамбыл облысвнда қураған шөптің жануы көбейді. Мысалы, 2020 жылдың 22 маусымында Жамбыл облысының аумағында келесі оқиғалар тіркелді:

02 сағат 40 минутта Шу ауданы Шоқпар ауылдық округінің аумағында құраған шөптің жанғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Төле би ауылының №19 өрт сөндіру бекетінің күштері мен құралдары жіберілді. Сонымен қатар, өрт сөндіру үшін Шоқпар а/о (5 адам және 2 бірлік техника), Жаңақорған а/о (8 адам және 2 бірлік техника), Шу әкімшілігі(9 адам және 1 бірлік техника), Шоқпар ауылы (8 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды. Жалпы алғанда, жануды 20 сағат 17 минутта жоюға мүмкіндік туды, жану аумағы 32 га құрады.

11 сағат 17 минутта Тараз қаласы "Астана" шағын ауданы (13) аумағында қураған шөптің жанғаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Тараз қаласы №2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Келген өрт сөндірушілер 12 сағат 45 минутта жануды жойды. Жалпы көлемі жану 100 ш.м.құрады

13 сағат 22 минутта Меркі ауданы Т.Рысқұлов ауылының маңында орналасқан "Олжа" шаруа қожалығының аумағында шөп өртенді. Оқиға орнына №9 Өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Өрт сөндірушілер өртті 15 сағат 17 минутта ауыздықтап, 18 сағат 27 минутта жойды. Өрт көлемі 200 ш.м. құрады. Жалпы 3000 жиналған шөп (45 тонна) зардап шекті. Өрттің пайда болу себебі анықталуда.

Бұл өткен тәулікте болған жағдайлардың аз ғана бөлігі. Біз өз кезегімізде облыс тұрғындары мен қонақтарын балаларды қараусыз қалдырмауды, олардың отпен ойнауына жол бермеуді, демалыс орындарында қоқыс жинауды сұраймыз. Өйткені, күнде қалған тез тұтанатын заттар (қағаз, бөтелкелер, шыны бөтелкелер) өрттің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ суға түсуге жарамсыз жерлерден аулақ болу және суға шомылу кезінде ұқыптылықпен болу керектігін еске салғымыз келеді. Өрт немесе төтенше жағдай болған жағдайда "101" және "112" телефондарына шұғыл қоңырау шалу қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны