16.05.2022, 17:06 17666

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Сурет: depositphotos
ҚЫЗЫЛОРДА. 16 МАМЫР - Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде полиция ғимаратына қарулы шабуыл жасаған үш азамат ұсталды. 

Жедел іс-шаралар жүргізу барысында полиция прокуратура органдарымен 5 қаңтар күні адамдар тобы болып Жергілікті полиция қызметі басқармасының ғимаратына атыс қаруын қолданып, қарулы шабуыл жасаған Қызылорда қаласының үш тұрғынын ұстады

Олар қамаққа алынды. Ұсталғандардан қару тәркіленді. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны