03.03.2026, 21:50 806

Семейдегі ойын-сауық орталығындағы өртті сөндіруге 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Семейдегі Шұғаев көшесіндегі ойын-сауық орталығындағы өртті ауыздықтады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Өртті толықтай сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Оқиға орнына 120 адам мен 21 техника жұмылдырылды. Тілсіз жауды ауыздықтау кезінде ғимараттың едені опырылып түскен. Сондай-ақ өртті сөндіруге жоғары өрт жүктемесі, қатты түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері кедергі келтіріп отыр.

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар департаментінде сенім телефоны ашылған: 8 (7222) 35-38-36.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жоюға арналған арнайы өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны