03.03.2026, 13:37 2401

Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді

Қазақстан мен Нидерланд саяси консультациялардың кезекті раундын өткізді
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен Нидерланд сыртқы саяси ведомстволары арасындағы саяси консультациялардың кезекті раунды өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Қазақ делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, ал Нидерланд делегациясын Нидерланд Сыртқы істер министрлігі Саяси мәселелер жөніндегі бас директорының орынбасары Юст Фламанд басқарды.

Нидерланды Қазақстан үшін екіжақты негізде де, сондай-ақ Еуропалық одақ аясында да маңызды әрі жақын серіктес болып табылады. Соңғы үш онжылдықта біздің елдеріміз ортақ құндылықтар мен мақсаттарға, өзара құрмет пен сенімге негізделген берік серіктестік қатынастарды қалыптастырды", - деп кездесу барысында атап өтті А.Исетов.


Тараптар саяси диалог, сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды қоса алғанда Қазақстан-Нидерланд ынтымақтастығының қазірі мен келешегін талқылап, өзекті өңірлік және жаһандық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.

Ведомствоаралық консультациялар күн тәртібіне Нидерланды тиімді реттеудің бірегей нәтижелерін көрсетіп отырған су ресурстарын басқару мәселесі шығарылды.

Консультациялардың қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты өзара құрмет, ашықтық пен прагматизм рухында одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны