11.04.2022, 19:11 10836

Қаңтар оқиғалары: ҰҚТ-ның 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 "қылмыс авторитеті"

Қаңтар оқиғалары: ҰҚТ-ның 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 "қылмыс авторитеті"
Сурет: telegram/СЦК
НҰР-СҰЛТАН. 11 СӘУІР - Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның 1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов қаңтар оқиғаларына байланысты қылмыстық істердің тергелу барысы туралы хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Арнайы прокурорлармен жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды. Олардың ішінде ең белсенділері Жұмагелдиев ("Дикий Арман"), "Қазақстандықтар" және "Айшуақ - Жантүгел" топтары болды. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды, оның ішінде 4 "қылмыс авторитеті", - деді спикер.

 
Оның айтуынша, бұл қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауаптылыққа тарту үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
 
Бүгінгі күні жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылып, олардың 269-ы қамауда.
 
Мысалы, Алматы қаласында ағымдағы жылғы 25 наурызда "Ш" есімді азамат қамауға алынды, ол "қайғылы қаңтар" кезінде "АННА" қару дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға, Полиция департаментіне және Алматы қаласы Алмалы ауданының Полиция басқармасына шабуыл жасады. 
 
Құқық қорғау органдары "Н" есімді азаматты анықтады. Ол ағымдағы жылғы 5 қаңтарда адамдар тобымен "Казаэронавигация" ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарықтандыруын өшірді. 
 
Арнайы прокурорлармен ағымдағы жылғы 4 сәуірде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғыны ұсталды. 
 
Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландыру және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастарды және "Молотов коктейльдерін" жеткізуді ұйымдастыру күдігі бойынша "С" есімді азамат ұсталды.
 
Сондай-ақ, Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктердің 52 қатысушысы анықталды, бейне жазбалар арқылы 12-і арандатушыны анықтауға қол жеткізілді. 
 
Жамбыл облысында ағымдағы жылғы 18-і мен 31-ші наурыз аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Бұл өңірдің ұйымдасқан қылмыстық топтың екі лидері қамауға алынды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны