12.04.2012, 15:58 3291

Ақмола облысы ІІД ғимаратындағы өрт салдарынан полиция полковнигі қаза болды

Өртті сөндіру барысында ғимараттың ішінен Ақмола облысы ІІД мемлекеттік күзет қызметі бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жұмабек Ибілмәжінов табылып, қауіпсіз жерге шығарылған.Жедел жәрдем қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне қарамастан зардап шеккен азамат қаза болды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол көмірқышқыл газына уланған.

Астана. 12-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін таңертеңгі сағат 9.00 кезінде Горький көшесінің бойындағы ІІД әкімшілік ғимаратының оңтүстік-батыс бөлігіндегі баспалдақ өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт салдарынан бірінші қабаттағы облыстық мекенжай бюросы орналасқан жердегі дәліз өртенген. Жалын 15 шаршы метр аумақты шарпыған. Ал 1-4-інші қабаттар аралығындағы баспалдақты өтпелдің өртенген ауданы 77 шаршы метрді құрады. Сондай-ақ тілсіз жау 4-қабаттағы соңғы кабинетке де жетіп, 8 шаршы метр аумақты шарпыды.

Жалпы жалын 100 шаршы метр жерге жайылып үлгерді. Сағат 9.37 кезінде өрттің ошағы жойылып, 10.04 уақытында ол толығымен сөндірілді.

Өртті сөндіру барысында ғимараттың ішінен Ақмола облысы ІІД мемлекеттік күзет қызметі бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жұмабек Ибілмәжінов табылып, қауіпсіз жерге шығарылған.Жедел жәрдем қызметкерлерінің көрсеткен көмегіне қарамастан зардап шеккен азамат қаза болды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ол көмірқышқыл газына уланған. Аталған қайғылы оқиға бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ж. Ибілмәжінов 1970 жылы туған. Үйленген, 2 баласы бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны