15.04.2011, 15:09 3491

Ақмола облысында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кетті

Ақмола облысында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Көкшетау. 15 - сәуір. Kazakhstan Today - Ақмола облысында мас жүргізуші жол полициясының инспекторын соғып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"13-сәуір күні Зеренді аулының 62 жастағы тұрғыны мас күйінде өзінің "Ваз-2101" көлігіне отырып, жол полициясының заңды талаптарына бағынбай, полиция сержанты Ж. Құлмағановты көлігімен соғып кеткен. Оқиға Көкшетаудан шыға берісте орын алған",- деп хабарлады Ақмола облысының ІІД баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметтеріне сүйенсек, "көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен инспектор облыстық аурухананың дәрігерлерінің көмегіне жүгінген".

Жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Фото: shanghaiist.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны