13.05.2013, 14:12 4475

Ақмола облысында өз нәрестесін өлтірген анаға іздеу жарияланды

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғын қоқыс контейнерінен ұл баланың денесін тауып алған.

Көкшетау. 13-мамыр. Kazakhstan Today - Ақмола облысында өз нәрестесін өлтірген анаға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жергілікті тұрғын қоқыс контейнерінен ұл баланың денесін тауып алған.

"Нәрестенің сол жақ қолы болмады. Контейнердің ішіндегі полиэтилен пакеттен оның сол жақ қолы, плацента мен кіндігі табылды ",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, ҚР ҚК 97 бабы, 1 бөлімімен қылмыстық іс қозғалған. Қандықол ананың жеке тұлғасын анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны