26.04.2007, 10:54 3320

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қайтыс болды, оның екеуі бала

АСТАНА. 26 - сәуір. Kazakhstan Today. Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қайтыс болды, оның екеуі бала. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, Екатеринбург - Астана тасжолының 1325 шақырымында жол-көлік оқиғасы болған. 25-сәуірде "Тойота" жеңіл көлігі мен "МАН" жүк көлігі соғылған.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 әйел, 2 бала (аты-жөні белгісіз) оқиға болған жерде қайтыс болып, жүргізушы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны