11.04.2011, 15:00 3916

АҚШ-тың Айова штатының Мейплтон қаласы жойқан торнадоның астында қалды

АҚШ-тың Айова штатының Мейплтон қаласы жойқан торнадоның астында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 11 - сәуір. Kazakhstan Today - АҚШ-тың Айова штатының Мейплтон қаласы жойқан торнадоның астында қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, құйынның қуаты соншалық, жүздеген үй бір сағаттың ішінде үйіндіге айналған. Жергілікті тұрғындардың көбі жараланды. Олардың арасында он адамның жарасы ауыр. Бір қуантарлығы, қаза тапқандар жоқ.

Оқиға куәлері дүлей жел үйлердің шатырын сыпырып әкетіп, ағаштарды түп-тамырымен жұлып кеткенін және автокөліктерді бұйым көрмей аударып тастағанын айтып берді. Бүгінде жергілікті басшылық пен полиция табиғаттың қытымыр мінезінен қандай шығын келгенін анықтап жатыр. Торнадо көршілес елді мекендерге де өзінің дүлей күшін көрсеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны