21.09.2009, 09:33 1619

Ақтөбе облысында ақыл-есі кем балалар лицейінің жатақханасында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Ақтөбе облысында ақыл-есі кем балалар лицейінің жатақханасында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 21 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысында ақыл-есі кем балалар лицейінің жатақханасында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Ақтөбе облысының Жайсаң ауылындағы Партизанская көшесінде болған. Ақыл-есі кем балаларға арналған №13 И.Молдағұлова атындағы лицейдің жатақханасында 19 қыркүйекте сағат 18.12-де өрт шығып, ғимараттың 520 шаршы метр аумақтағы шатыры құлады. Құрьан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 61 оқушы эвакуацияланды. Өрт Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 15 адамының күшімен 23 сағат 30 минутта сөндірілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тағы бір оқыс оқиға Алматы облысының Қаскелең қаласындағы Заводская көшесінде болған. Төрт қабатты көппәтерлі үйде 19 қыркүйекте сағат 23.15-те 20 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде төрт жасар қыздың мәйіті табылды.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 7 адамының күшімен 23 сағат 52 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны