16.08.2011, 11:02 3099

Ақтөбе облысындағы жарылыс нәтижесінде шаруашылық қожалығының жұмысшысы қаза тапты

Ведомствоның ақпараты бойынша оқиға 15 шілде күні кешке Қобды аумағында орналасқан "Агролидер-2030" шаруашылық қожалығының аумағында орын алды.

Астана. 16-тамыз. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысындағы жарылыс нәтижесінде шаруашылық қожалығының жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе облысындағы жарылыс нәтижесінде шаруашылық қожалығының жұмысшысы қаза тапты, деп хабарлады Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша оқиға 15 шілде күні кешке Қобды аумағында орналасқан "Агролидер-2030" шаруашылық қожалығының аумағында орын алды.

"Металлолом жинау кезінде анықталмаған жарылғыш заттың жарылуы орын алды", - деп көрсетілген хабарламада. Жарылыс нәтижесінде жарақаттар алып, ауруханаға бара жатқан жолда 59 жастағы "Агролидер-2030" шаруашылық қожалығының жұмысшысы қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны