14.02.2008, 18:49 3233

Ақтөбе облыстың сот төрағасы оған қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деген пікірде

Ақтөбе облыстың сот төрағасы оған қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз деген пікірде

Алматы. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облыстың сот төрағасы Мұхтар Есжановтың пікірінше пара алды деген күдікпен оған қатысты қозғалған қылмыстық іс заңсыз. Бұл туралы ол бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бас прокуратура қылмыстық істі қозғады, ал бұл президенттің рұқсатымен болуы керек қой. Тіпті пара алды деген күдік болғанның өзінде, оны Жоғарғы сотпен бірлесіп алдын -ала тексеріліп, дерек айқындалу керек. Сонда ғана қылмыстық істі қозғауға болады", - деді М. Есжанов.

Оның сөздері бойынша, бас прокурор Рашид Түсіпбековтың қылмысты істі қозғау туралы қаулысы "ҚР Конституциясындағы баптарға қайшы, заң бұзушылықтармен жасалып отыр. Өйткені, негіз тек күдік ретінде бекітілген, ал жасалған қылмыс жоқ. Параны беру немесе оны алу деректері, оның тіркелгені сияқты дәлелдері жоқ".

Ол атап өткеніндей, ҚР Конституциясына сәйкес судьяға қатысты қылмыстық істі тек Бас прокурор қозғайды.

"Бас прокурордың қылмыстық істі қозғау жөнінде қаулысы облыстық ҰҚКД бастығы мен оның қол астындағы қызметкерлердің ісмерлікпен жеткізіліп, қауесет пен өсек әңгіме деңгейіне сүйене отырып қозғалған", - деп есептейді М. Есжанов.

Оның сөздері бойынша, оған Ақтөбе облысының Муғалжар аудандық соты қылмыстарды мойындату үшін бірнеше полиция қызметкерлерімен адамдарды азаптағаны үшін 3 жылға сотталған АІІБ бастығы Ж. Қалиевтан пара алды деген кінә тағылуда.

Аудандық прокурор С.Асқаровтың берген апелляциясы бойынша, облыстың сотының қылмыстық істер бойынша коллегиясы Қалиевқа қатысты басқа үкім шығарып, рақымшылық бабын қолданды. Ал М. Есжановтың айтуынша, ол сол кезде еңбек демалысында болып, коллегияның шешімі жөнінде білмеген.

"Менің тәжірибем, менің білімім, өзімнің кінәлі емес екенімді дәлелдеп беруге жеткілікті", - деді судья. Ол хабарлағанындай, бұл іс бойынша ешқандай дәлелдік негіздер жоқ. "Ондай болу мүмкін емес, өйткені ондай болған емес ". "Олар өздерінің сөздерінен жаңылып, біреуі $40 мың дейді, екіншісі $50 мың дейді, соны маған біреу арқылы берген -міс", - деді М. Есжанов.

Оның сөздері бойынша ол БАҚ арқылы бас прокурор Рашид Түсіпбековке ашық хат жариялаған. Сондай-ақ, ол ҚР Қауіпсіздік кеңесіне хатты ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беру жөнінде өтінішін жіберген.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ақтөбе облысында облыстық және қалалық сот төрағаларына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Облыстық прокурордың тергеу топтарын басқару жөніндегі аға көмекшісі, прокуратураның сыбайлас жемқорлық жөніндегі арнайы прокуроры Айдар Сағынбазаров хабарлағанындай, екі адамға қатысты істі Ақтөбе облысының ҰҚКД материалдарына негіздеп Бас прокуратура қозғады.

Оның сөздері бойынша Ақтөбе облыстың сот төрағасына ҚР Қылмыстық кодексіндегі 311 баптың 4 тармағы (пара алу); 308 баптың 4 тармағы ( құзырын асыра пайдалану) және 363 бап (қылмысты жасыру) бойынша айып тағылып отыр.

А. Сағынбазаровтың айтуынша, Ақтөбе қалалық сот төрағасы бопсалау арқылы ірі көлемді пара алды деген күдікпен айыпталып отыр (ҚК 311 бабы 4 тармағы).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны