16.05.2013, 14:45 4836

Ақтөбеде 5 жасар баласын сатпақ болған нашақор ата-ана құрықталды

Қыздың анасы бірге тұратын еркекпен келісіп бүлдіршінді сатпақ болған. Баланы сатып алатын адамның "рөлін" ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкері атқарды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Ақтөбе. 16-мамыр. Kazakhstan Today - Ақтөбеде 5 жасар баласын сатпақ болған нашақор ата-ана құрықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қыздың анасы бірге тұратын еркекпен келісіп бүлдіршінді сатпақ болған. Баланы сатып алатын адамның "рөлін" ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкері атқарды, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

"Бастапқыда 5 жасар қыз үшін 7 мың доллар сұраған олар кейін 700 мың теңгеге сатуға келісті", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында қыздың ата-анасының есірткі пайдаланатыны анықталды. Олар есірткі сатып алу үшін осындай қадамға барған көрінеді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер тергеу изоляторына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны