12.01.2009, 16:56 3088

Ақтөбеде "Мазда" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде "Мазда" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбе. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбеде "Мазда" жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол апаты 11 қаңтарда сағат 14.50-де Кобозев көшесінде болған. Көліктің тізгінінде 24 жастағы жігіт отырған. Жүргізуші мас емес, оның көлігі тайғанап кету салдарынан көліктің тізгініне ие бола алмай, аялдама алаңында тұрған 76 жастағы әйелді қағып кеткен. Ийел оқиға орнында жан тапсырды. Қазір оқыс оқиғаның шығу себептері тексерілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны