15.03.2011, 13:01 2996

Алматы-1 вокзалына жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Алматы-1 вокзалына жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - наурыз. Kazakhstan Today - Алматы-1 вокзалына жарылғыш зат қойылды деген хабардан кейін 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, науырыздың 15-і күні сағат 01.41-де ТЖД пультіне Алматы-1 темір жол вокзалы ғимаратына жарылғыш зат қойылды жеген хабарлама келіп түскен.

"Құтқарушылар шұғыл іске кірісіп, 70 адамды қауіпсіз жерге көшірді, олардың 6-ы бала", - делінген таратылған ақпаратта.

ТЖМ мәліметі бойынша арнайы жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде вокзал ғимаратынан жарылғыш құрылғы табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны