07.12.2010, 13:34 2607

Алматы облысында 13 адам мен 6 көлік қар құрсауынан босатылды

Алматы облысының Алакөл ауданында 13 адам мен 6 көлік қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 7 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Алакөл ауданында 13 адам мен 6 көлік қар құрсауынан босатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 желтоқсан күні "Үшарал-Достық" бағытындағы тасжолдың 89-94 шақырымы арасында 6 техника қарға кептеліп тұрып қалған, соның ішінде 2 жеңіл автокөлік болса, 4 жүк көлігі бар. Қар құрсауында қалған 13 адамҮшарал қаласына жеткізілді.

Адамдарды құтқаруға ҚР ТЖМ Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамындағы 6 адам мен 2 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны