18.06.2009, 10:35 1173

Алматы облысында әскери бөлімшенің аумағында оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде МИ-24 тікұшағы қону барысында құлап қалды

Алматы облысында әскери бөлімшенің аумағында оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде МИ-24 тікұшағы қону барысында құлап қалды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында әскери бөлімшенің аумағында оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде МИ-24 тікұшағы қону барысында құлап қалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 17 маусымда сағат 19.55-те Алматы облысының Алакөл ауданы Үшарал қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің №01852 әскери бөлімшесінің аумағында оқу-жаттығу мақсатындағы ұшулар кезінде МИ-24 тікұшағы қону барысында құлап, кейін жана бастады.

Тікұшақтың апаты салдарынан экипаждың үш мүшесі - 36 жастағы майор мен 25 және 24 жастағы екі лейтенант ауруханаға жатқызылды, деп нақтылайды ТЖМ.

Өрт Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 5 адамының күшімен 22 сағат 15 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны