01.10.2008, 09:45 1336

Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

Астана. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Алматы облысында екі жол апатынан екі адам қаза тауып, біреуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Шелек - Сарыбұлақ тас жолының 1-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 13.10-да мотоцикл жүргізушісі "Ауди" көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Алматы облысының Іле ауданында Алматы - Астана тас жолының 77-ші шақырымында 30 қыркүйекте сағат 19.50-де белгісіз автокөлік әйелді қағып кетті, ол оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны