21.08.2006, 09:09 2728

Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

АСТАНА. 21-тамыз. Kazakhstan Today. Алматы облысында екі жол апатынан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 20-тамызда 22 сағатта Үшарал-Жайпақ тас жолының 16-шақырымында "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Соның салдарынан жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылып, оның жолаушысы оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 20-тамызда Алматы облысының Шелек ауылында "ВАЗ-2106" автокөлігінің жүргізушісі "ПАЗ" автобусымен соғысып қалды. Жол апаты салдарынан "ВАЗ"- дың жүргізушісі ауруханаға жатқызылып, екі жолаушы оқиға орнында опат болды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны