11.01.2007, 12:13 1743

Алматы облысында өзен арнасынан шығып, екі көшені, алты үйдің аулалары мен шаруашылық құрылыстарын су басып қалды

АЛМАТЫ. 11 қаңтар. Kazakhstan Today. Алматы облысында өзен арнасынан тасып екі көшені, алты үйдің шаруашылық құрылыстары мен аулаларын су басып қалды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктен хабарлады.

ҚР ТЖМ ақпаратына қарағанда, 7-8 қаңтарда ауа райының күрт суытуынан Кіші Қақпақ өзенінің түбіне мұз қатып, судың көлемі көтерілген. Мұзды су бағытын өзгертіп өзен арнасымен емес, ауылға қарай жылжыған.

Соның салдарынан Қақпақ ауылының екі көшесі, алты үйдің ауласы мен шаруашылық құрылыстары су астында қалды. Құрбан болғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Қазіргі кезде төтенше жағдайды жою үшін "Қазселденқорғау" МБ-ның 2 арнайы техникасы тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны