16.02.2011, 12:49 3550

Алматы облысында шыққан өрт салдарынан бір адам мерт болды

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу аулындағы пәтерлердің бірінде шыққан өрт салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу аулындағы пәтерлердің бірінде шыққан өрт салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15-ақпан күні сағат 09.10 жер үйлердің бірінде өрт шыққан.

"Өрт сағат 10.25 сөндірілген. Тілсіз жауды сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылған",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Өрт сөндіру кезінде оқиға орнынан 49 жастағы азаматтың денесі табылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны