29.06.2006, 09:43 2462

Алматы облысында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

АСТАНА. 29-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысының Үштөбе қаласында снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні 16 сағат 15 минутта түсті металл сынықтарын заңсыз жинаумен шұғылданатын отбасының жеке үйінің ауласында снарядты аралау барысында жарылыс болған. Соның салдарынан екі еркек пен 12 жасар ұл түрлі жарақаттармен ауруханаға түсті.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары түрлі калибрлі 24 снаряд тәркіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны