11.09.2006, 09:20 1573

Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі жараланды

АСТАНА. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ескелді ауданында 10-қыркүйекте 20 сағатта "Мазда-626" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тауып, оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сонымен бірге сол күні Іле ауданының Қоянқұс ауылында 21 сағат 30 минутта "ВАЗ-21093" автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Жол апаты салдарынан жүргізуші оқиға орнында мерт болып, оның жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны