28.06.2006, 09:26 2810

Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, сегізі жараланды

АСТАНА. 28-маусым. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тауып, сегізі жараланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 27-маусымда түс әлетінде Алматы-Өскемен тас жолының 296-шақырымында Ескелді ауданы маңында “ВАЗ-21099” автокөлігі “Мазда” көлігімен соқтығысып қалды. Жол апатынан “Жигули” автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапса, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды. “Мазда” автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушы, соның ішінде 5 жасар қыз түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Сонымен бірге “ВАЗ” автокөлігінде отырған үш жолаушы да ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір ірі жол апаты Қызылорда облысында болды. Шымкент-Самара тас жолының 637-шақырымында “Мерседес” және “Ауди” автокөліктері соқтығысып қалған. Апат салдарынан “Ауди“ автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ, “Мерседесте” отырған бір жолаушы оқиға орнында мерт болды. “Мерседес” автокөлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушы ауруханаға жеткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны