17.09.2009, 09:56 1478

Алматы облысындағы Талдықорған - Үштөбе трассасында үш адам жүріп келе жатқан көліктен құлап, біреуі қаза тапты

Алматы облысындағы Талдықорған - Үштөбе трассасында үш адам жүріп келе жатқан көліктен құлап, біреуі қаза тапты

Астана. 17 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы Талдықорған - Үштөбе трассасында үш адам жүріп келе жатқан көліктен құлап, біреуі қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға кеше сағат 14.45-те Алматы облысының Қаратал ауданында Талдықорған - Үштөбе трассасының 31-ші шақырымында болған. ""Газель" автокөлігінің артқы есігінің ашылып кетуі салдарынан үш адам құлады", - делінген хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, құлаған үш адамның бірі - 14 жасар қыз оқиға орнында қаза тауып, 41 жастағы әйел мен 16 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны