27.02.2012, 09:45 3111

Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала мерт болды

26 ақпан күні, сағат 12.26-да Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентіндегі Геологическая көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт шыққан.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Алматы облысындағы жер үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 ақпан күні, сағат 12.26-да Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентіндегі Геологическая көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйде өрт шыққан.

Өрт жергілікті тұрғындардың күшімен сөндірілді. Жалын шарпыған аумақ 8 шаршы метрді құрады. Өрттің салдарынан иіс тиіп уланған 3 және 4 жастағы екі бала ауруханада көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны