03.03.2008, 17:04 3088

Алматы полиция қызметкерлері есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының бір тұрғынын қолға түсірді

Алматы полиция қызметкерлері есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының бір тұрғынын қолға түсірді

Алматы. 3 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Алматы полиция қызметкерлері есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысының бір тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды агенттік Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны Алматының көтерме есірткі заттарын жеткізушілері арасында белгілі тұлға. Полиция қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, бұл ер адамның өзінің тұрақты тұтынушылары бар және оның бағалары нарықтағыдан арзандау", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінде.

"Жамбыл облысының тұрғыны есірткіні сату үшін Алматыға келгеннен соң, біздің қызметкерлер тарапынан шұғыл түрде бір келі марихуана сатып алынды. Сатып алынған есірткі айғақ заты ретінде қылмыстық іске тіркелді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейін бізге белгілі болғанындай, бұл азамат біздің қалада жеті келі есірткі затын сатуды жоспарлап қойған. Бұл операцияға біздің бөлімшенің қызметкерлері тиянақты дайындалды", - деп хабарлады Алматы ІІД есірткімен күрес жөнінде басқармасы бастығының орынбасары Ермек Оспанов.

Оның сөздері бойынша, күдікті клиентке кездесуді Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында түнгі 12 -де белгілеген. Осы қиылыста тұтынушы сатушыға 80 мың теңге төлеген. "Есірткі сатушысы сол кезде сатып алу процессін полиция қызметкерлері аңдып отырғанын сезбеген".

"Операция ойдағыдай өтті. Сатушы қылмыс үстінде қолға түсіріліп, оғанірі көлемде есірткі саудасын жасады деген айып тағуға мүмкіндік туды. Ал қолға түскен сатушы оған тағылған айыптан жалтармай, есірткі заттарын өзі жасап, Алматыға келіп сататынын растады ", - деп атап өтті Е. Оспанов.

Оның сөздері бойынша, бүгінде полиция қызметкерлері құрықталған күдіктімен қарым -қатынас жасайтын адамдардың тізімдерін анықтап жатыр. Олардың қатарында есірткі саудагерлері де болу мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны