06.01.2010, 12:37 2660

Алматы және Қостанай облыстарында өрттердің салдарынан төрт адам қаза тапты

Алматы және Қостанай облыстарында өрттердің салдарынан төрт адам қаза тапты

Астана. 6 қаңтар. Kazakhstan Today - Алматы және Қостанай облыстарында өрттердің салдарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Қаратал ауданындағы Қалпе ауылында Пристанционная көшесіндегі екі пәтерлі тұрғын үйде кеше сағат 04.25-те 1 шаршы метр аумақта өрт шықты. Үйден 70 және 50 жастағы ер адамдардың мәйіттері табылды.

Өртті жергілікті тұрғындар сағат 04.35-те сөндірді.

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, Қостанай облысының Қостанай қаласында 5 қаңтарда сағат 04.52-де Баймағамбетов көшесіндегі жай үйде 160 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде 63 және 36 жастағы екі адамның мәйіті табылды.

Өртті сағат 09.25-те Қостанай облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 6 адамы мен 1 техникасы сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны