25.12.2006, 10:42 2324

Алматыда екі жол апатынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды

АЛМАТЫ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Алматыда бүгін таңертең екі жол апаты болып, соның салдарынан екі адам қаза тауып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Райымбек даңғылында 6 сағат 27 минутта "Фольксваген-Гольф" автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, бағанға соғылды. Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында жан тапсырып, үш жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Екінші апат Достық даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында 8 сағат 27 минутта болды. Автокөлік жүргізушісі 6 жастағы баланы қағып кетті. Бала жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны