13.05.2013, 13:47 5278

Алматыда қоқыс контейнерінен адам аяғы табылды

Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда полицейлер адам аяғын тапты. 2 мамырда қоқыс тастайтын контейнердегі полиэтилен пакетіне салынған адам мәйітінің қалдықтарын байқаған жолаушы полицияға хабарласқан.

Алматы. 13-мамыр. Kazakhstan Today - Алматыда қоқыс контейнерінен адам аяғы табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда полицейлер адам аяғын тапты. 2 мамырда қоқыс тастайтын контейнердегі полиэтилен пакетіне салынған адам мәйітінің қалдықтарын байқаған жолаушы полицияға хабарласқан.

Мәйіт мүшелері әйел адамдыкі деген болжам бар.

Оқиға аумағын тексеру барысында полицейлер қою қоңыр түсті дақтар бар тас пен дәл осы қоңыр зат сіңген шұлық тапқан. Аталған факті бойынша Алматы қаласы, облыс пен аудан ІІД-нің жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі уақытта табылған мәйіттің жеке тұлғасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Адам мәйітінің қалдықтары жәбірленушінің жынысы мен жас шамасын анықтау үшін сараптамаға жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны