27.02.2012, 15:17 3203

Алматыда көлік апатынан 1 адам қаза болып, 8 адам ауруханаға жатқызылды

Алатау ауданы Көк-Қайнар шағын ауданы, Абай даңғылы бойында 26 ақпан күні сағат 19.01 "Мерседес" бағыттық шағын автобусы (жүргізушісі 1971 жылы туған Айтымбетов) мен "Мерседес" автокөлігі (жүргізушісі 1985 жылы туған Қожабергенов Е.) соқтығысқан.

Алматы. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда көлік апатынан 1 адам қаза болып, 8 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алатау ауданы Көк-Қайнар шағын ауданы, Абай даңғылы бойында 26 ақпан күні сағат 19.01 "Мерседес" бағыттық шағын автобусы (жүргізушісі 1971 жылы туған Айтымбетов) мен "Мерседес" автокөлігі (жүргізушісі 1985 жылы туған Қожабергенов Е.) соқтығысқан.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, қос жүргізуші мен жолаушылар: 1983 жылы туған Дәрібаев А., 1985 жылы туған Сатықожаев С., 1997 жылы туған Жандосұлы Д., 1971 жылы туған Қарбызова А., 1997 жылы туған Кононов М. мен 1988 жылы туған Болышпек М. ауруханаға жатқызылды; 1982 жылы туған Амраев Е. оқиға орнында көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны