28.02.2007, 10:08 2906

Алматыда ойын автоматтары залында өрт шығып, бір адам қаза тапты

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Алматыда ойын автоматтары залында өрт шығып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Медеу ауданында, 2-ші Құлжа трассасында 27-ақпанда 12 сағат 44 минутта ойын автоматтары залында 40 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Жалынды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы 14 сағат 58 минутта ауыздықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны