03.06.2013, 16:21 3549

Алматыда өз автокөлігінде бірнеше рет аударылған жасөспірім оқиға орнынан қашып кетті

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен түні Алматыда Сейфуллин мен Ақан Сері көшелерінің қиылысында Audi автокөлігіне мінген жас жігіт рөлді басқара алмай, бірнеше рет көлігімен аударылып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші жігіт қирап қалған көлігін тастап, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Алматы. 3-маусым. Kazakhstan Today - Алматыда өз автокөлігінде бірнеше рет аударылған жасөспірім оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен түні Алматыда Сейфуллин мен Ақан Сері көшелерінің қиылысында Audi автокөлігіне мінген жас жігіт рөлді басқара алмай, бірнеше рет көлігімен аударылып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші жігіт қирап қалған көлігін тастап, белгісіз бағытта қашып кеткен.

Audi автокөлігінің жүргізушісі Сейфуллин көшесіне оңтүстік бағытта жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Ақан Сері көшесіндегі бұрылыста рөлді басқара алмай, көлігін аударып алған және дүкен қақпасына барып соғылған. Содан кейін көлігін тастап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Оқиға орнына жүргізушінің туыстары келіп, 15 жастағы немере інілері көлікті рұқсат сұрамай мініп кеткенін және оның жүргізуші куәлігі жоқ екенін айтқан. Ол жауапкершіліктен қорқып, қашып кеткені белгілі болды.

Жол полициясының қызметкерлері мән-жайды анықтап, қашып кеткен жасөспірімді табуларына тура келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны