10.09.2009, 09:20 1472

Алматыда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламада үш ғимарат аталды - ҚР ТЖМ

Алматыда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламада үш ғимарат аталды - ҚР ТЖМ

Астана. 10 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алматыда жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламада үш ғимарат аталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алматы, Бостандық ауданы. 2009 жылдың 9 қыркүйегінде сағат 14.13-те ІІД пультіне Желтоқсан даңғылы, 185-ші үй, "Хабар" агенттігі" АҚ филиалы, Фурманов көшесі 205-ші үй, - президенттің резиденциясы, Республика алаңы, 13 -үй - КТК телеарнасының ғимараттарында жарылғыш зат орнатылды деген жасырын ақпарат келіп түсті. 950 адам сыртқа шығарылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматыда 9 қыркүйекте сағат 14.00-де ІІД пультіне Республика алаңындағы 13 үйде жарылғыш зат орнатылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Сондай-ақ, сағат 14.15-те президенттің резиденциясында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабар келген.

Алматыдағы Республика алаңындағы 13 үйде Kazakhstan Today ақпараттық агенттігі, "Мы выбираем Караван, Караван выбирает нас" апталығы, "КТК" телеарнасы, "Ретро", "Русское Радио" және "Европа Плюс" радиолары мен "Gazeta.kz" интернет-порталы секілді БАҚ-тар орналасқан. Ғимараттан 200-дей адам шығарылды.

Осыған байланысты Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің жаңалықтары уақытша шықпай қалды.

Алматы қалалық ІІД-нің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, "Иісшіл иттерді, арнаулы техниканы пайдалана отырып жүргізілген комиссиялық тексеру нәтижесінде жарылғыш зат табылған жоқ.. Ақпарат жалған болып шықты".

Оның айтуынша, Ішкі істер департаментінің оперативтік қызметі телефон бұзақысын табуға жұмыс істеуде, арнаулы іс-шаралар өткізілуде.

Жасырын қоңырау сағат 14.00-де таксофоннан жасалған.

Қылмыстық тексеру кезінде жедел және арнаулы қызметтерге келтірілген шығын көлемі есептеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны