31.10.2011, 13:54 6126

Алматыда жер жұмыстарын жүргізу барысында болған апат салдарынан бір адам мерт болды

Жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап 1 жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.

Алматы. 31-қазан. Kazakhstan Today - Алматыда жер жұмыстарын жүргізу барысында болған апат салдарынан бір адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап 1 жұмысшы қаза тауып, екіншісі ауруханаға жеткізілген.

Алматы қаласы Иуезов ауданына қарасты Қалқалман шағынауданында жер жұмыстарын жүргізу кезінде ордың бекітілмеген қабырғасы құлап кетті. Оқиға салдарынан "Авангард" ЖШС-нің 52 жастағы жұмысшысы сол жерде қаза тауып, тағы бір жұмысшы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны