03.04.2013, 16:10 3714

Алматыда жергілікті кәсіпкердің әйелін өлтіргендердің бірі 8-сыныптың оқушысы

"Кісі өлтірушілер кәсіптік лицейдің 18 жастағы екінші курс студенті мен Алматы облысында тұратын 8-сыныптың оқушысы болып шықты", - деді ол.

Астана. 3-сәуір. Kazakhstan Today - Алматыда ІІМ Криминалдық полиция комитетінің қызметкерлері ІІД жедел уәкілдерінің қатысуымен 23 наурызда жергілікті кәсіпкердің әйелін өлтіріп кеткен қылмыскерлерді ұстады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.

"Кісі өлтірушілер кәсіптік лицейдің 18 жастағы екінші курс студенті мен Алматы облысында тұратын 8-сыныптың оқушысы болып шықты", - деді ол.

23 наурыз күні сағат 23:00-дер шамасында бетперде киген белгісіз біреулер жеке кәсіпкердің үйінің сыртқы есігін бұзып, ішке кіреді, кәсіпкердің 59 жастағы әйелін өлтірген соң үйдегі 60 мың теңге мен ұялы телефондарды алып, ізін суытқан. Зардап шегушіні оның ұлы тауып алыпты. Кешке ол анасын үйге әкеліп, шаруаларымен кеткен екен. Бір сағаттан кейін қайта оралған ол гараждың бұзылған есігін көреді де, дереу үйге кіреді, сол мезетте қолына тапаншаға ұқсаған зат ұстаған белгісіз біреулерді байқап қалып, екінші қабаттағы бөлмеден полицияға хабар берген. Қылмысты ашу мақсатында шұғыл тергеу тобы құрылып, іздестіру және арнайы шаралар кезінде күдіктілер ұсталды. Бұл іс бойынша айғақ заттар алынды. Алдын ала тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны