12.02.2010, 14:06 3275

Алматыдағы бір дәмханада болған өрт салдарынан екі бала күйікке шалдықты

Алматыдағы бір дәмханада болған өрт салдарынан екі бала күйікке шалдықты

Алматы. 12 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыдағы "Мейрам" дәмханасында болған өрт салдарынан екі бала күйікке шалдықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today Біртұтас кезекші-диспетчерлік қызметтің мамандарына сілтеме жасап.

Шұғыл кезекшілердің хабарлауынша, "бүгін таңертең Осипенко көшесіндегі 5-үй, "Мейрам" дәмханасында сағат 9.37-де "103" телефонына өрт шыққаны туралы хабар келген. Екі бала күйікке шылдықты, жедел жәрдем бригадасы шақырылды".

Оқыс оқиға орнына тәртіп сақшылары, қалалық су құбыры мекемесі мен өрт сөндірушілер барды.

Қазіргі жағдаймен өрттің сөндірілгені немесе шоғырландырылғаны туралы мәлімет келіп түскен жоқ.

Сондай-ақ, өткен түнде Алматыда 5 адам, соның ішінде үш бала көмірқышқыл газынан уланды. Оқыс оқиға "Шаңырақ" ықшамауданындағы бір жер үйлердің бірінде болған. Біртұтас кезекші-диспетчерлік қызметтің шұғыл кезекшілерінің ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер алғашқы медициналық көмектен кейін ауруханаға жатудан бас тартты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны