24.01.2012, 10:56 2933

Алматыдағы тіс емханаларының бірінде өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді

23-қаңтар күні Алматыда орналасқан "Дент орталығы" ЖШС-нің 3 қабатты тіс емханасында өрт шықты. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Астана. 24-қаңтар. Kazakhstan Today - Алматыдағы тіс емханаларының бірінде өрт шығып, 10 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дүйсенбі, 23-ші қаңтарда Алматыда орналасқан "Дент орталығы" ЖШС-нің 3 қабатты тіс емханасында өрт шықты. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. 10 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қаласының ТЖД жеке құрамының 26 маманы мен өрт сөндіру қызметінің 8 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны