02.02.2023, 13:02 32096

Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

ЖКО дерегін полиция қызметкерлері өндіріске қабылдады
Алматыда екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті
Алматы. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда 2 ақпан сағат 08:30-да Әл-Фараби даңғылында, Жароков көшесінің батысына қарай ЖКО болды. Екі қоғамдық көлік соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.

Жергілікті полиция қызметі кезекші бөлімінің мәліметі бойынша, 31-бағыттағы Yutong қоғамдық көлігінің жүргізушісі даңғылмен батыс бағытта келе жатып, алдын ала болжам бойынша, арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада тұрған 116-бағыттағы SAZ қоғамдық көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.


Алдын ала мәлімет бойынша, алты адам дене жарақатын алды.

ЖКО дерегін Бостандық аудандық ПБ-ның қызметкерлері өндіріске қабылдады.

Ақпарат көзі: polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны