02.08.2023, 11:28 20736

Алматыдағы Ақкент тұрғын үй кешеніндегі өрт: бір әйел қайтыс болды

Алматыдағы Ақкент тұрғын үй кешеніндегі өрт: бір әйел қайтыс болды
Сурет: ТЖМ
Алматыдағы көпқабаттағы үйдегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алатау ауданы Ақкент шағын ауданы, 54 мекенжайында болған өртке 23 жедел жәрдем бригадасы, соның ішінде 5 жансақтау бригадасы жұмылдырылды. Барлығы 43 адам зардап шекті. 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр, тағы төртеуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты. 12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Зардап шеккен бір әйел қайтыс болды".


Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек берілді.

Еске салайық, 1 тамызда Алматыда Ақкент ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірі өртенді. Бас сауғалаған адамдар терезеден секірді. Өрт орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. 300 адам эвакуацияланып, 70-ке жуық адам құтқарылды.

Сағат 18:46-да өрт сөндірілді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны