23.04.2021, 21:02 20407

Алматыда қылмыстық топ 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырды

АЛМАТЫ. 23 СӘУІР - ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің (ҚМА) Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қылмыстық топтың 2017-2019 жылдар кезеңінде оның бақылауындағы 7 компанияның банктік шоттары арқылы 3,9 млрд теңгені "қолма-қол ақшаға айналдырған" қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Іс бойынша айыпталушылардан 6 адам өтеді, олардың ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері және банктердің бірінің қазіргі басшысы. Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 216-бабының 3-бөлігі (Іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей және тауарды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру бойынша іс-әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталды", - деп хабарлады Қаржы мониторингі агенттігінде.


 
ҰҚТ мүшелерінің мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
 
2020 жылы ҚР ҚМА Алматы қаласы бойынша ЭТД ҚР ҚК 216-бабы бойынша 85 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде жалған фирмалардың банктік шоттарынан ақша қаражатын "қолма-қол ақшаға айналдыру" саласында ҰҚТ құрудың және оған басшылық етудің 3 фактісі анықталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны