28.03.2024, 18:59 38231

Алматыны дауыл соғып, соңы нөсер жаңбырға ұласты

Алматыны дауыл соғып, соңы нөсер жаңбырға ұласты
Сурет: Freepik
Алматыда кешкі уақытта жел күшейіп, шаңды дауыл тұрды. Салдарынан қалада шаң мен құмды көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматылықтар шаңды дауылды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде таратты.

Еске салсақ, Қазгидромет елдің оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл, батыста, солтүстік — батыста, солтүстігінде көктайғақ күтілетінін хабарлады.

Сондай-ақ Алматы облысының ТЖД Қазгидрометтің дауылды ескертуі негізінде 29 наурызда түнде оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтілетінін мәлім етті.

«Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстіктен, облыстың оңтүстігінде батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с», — деп хабарлады Алматы облысы ТЖД-ның баспасөз қызметі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны