11.09.2008, 09:45 1237

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан жұмысшы зардап шекті

"Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан жұмысшы зардап шекті

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - "Арселор Миттал Теміртау" АҚ кәсіпорнында оқыс оқиғаның салдарынан жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысының Теміртау қаласында "Арселор Миттал Теміртау" АҚ аумағында №1 прокат цехында 10 қыркүйекте металл тілу кезінде керосинрездің отын жіберетін шлангасы үзілуі салдарынан отты-ауалы қоспа тұтанды. Соның салдарынан 51 жастағы кесуші күйікке шалдығып, ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны