29.05.2008, 17:45 2888

"Астана - Франкфурт" бағытымен ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда "Домодедово" әуежайына қонды

"Астана - Франкфурт" бағытымен ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда "Домодедово" әуежайына қонды

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Астана - Франкфурт" бағытымен ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда "Домодедово" әуежайына қонды, деп хабарлайды агенттік "Домодедово" әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

""Астана - Франкфурт" бағытымен ұшып бара жатқан Lufthansa әуе компаниясының ұшағы апатты жағдайда "Домодедово" әуежайына таңғы сағат бестен сәл кеткенде қонды. Борттағы техникалық ақауларды жою үшін оған жөндеу жұмыстары жасала бастады, ал жолаушылар бір күн ішінде "Домодедово "әуежайынан ұшатын Lufthansa әуе компаниясының басқа ұшақтарына қайта тіркеле бастады", - деп хабарлады мәскеулік "Домодедово" халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Эльдар Тузмухаммедов.

Мәскеулік әуежайының баспасөз хатшысы хабарлағанындай, тосын оқиға салдарынан зардап шеккен ешкім жоқ.

Lufthansa әуе компаниясы болған оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме бермеді .

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны